Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі / Kazak Dilinin Bugünü ve Yarını


Dinara Kozhabayeva'nın Makalesi

Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі  / Қожабаева Динара Абылайқызы

Тіл –ұлттың жаны! Сондықтан да тілді мемлекеттік деңгейден бастап, әр азаматқа дейін қорғау керек. Тілге қатысты кез келген проблемаға бей-жай, салғырт қарауға болмайды. Бір жағынан қазақ тілінің проблемасы жөнінде жазу, мәселе көтеру абсурд болып көрінуі мүмкін. Бөтен елде емес, Қазақстанда, өзге тіл емес конституциямен бекітілген мемлекеттік тілдің мәртебесі төмен болуы мүмкін бе?! Ал екінші жағынан...

Кейде әлем бойынша тек бізде ғана билингвизим проблемасы бардай көрінеді. Әрине көп тіл білген жақсы. Жаһандану кезеңінде басқа тілді білу керек, тіпті полиглот болу керек, алайда әр қазақ үшін өз ана тілі қашан да  негізгі тіл болуы тиіс. Тілдің эмоционалды-экспресивті қасиетін ескерсек, тіл – тек қатынас құралы емес, адамның болмысын айқындайтын нәрсе. Мәселеге осы тараптан келгенде, ұлт тілін дамытудың маңызы арта түседі. Бұл сөз тек қазақ ұлтының өкілдеріне емес, барлық қазақстандықтарға қатысты.      

Etnology.com сайтының дерегіне сүйенсек, тіліміз даму үстінде. Алайда тиісті деңгейде емес. Тіл төңірегіндегі өзекті проблемалар жетерлік. Ең бастылары: тілдің қолдану аясының аздығы және тіл жұтаңдығы. Оған дәлел көптеген ресми жиындардың орыс тілінде өтуі, халықтың күнделікті ауызекі реси тілде қатынас жасауы,  т.б. Тіпті қазақша сөйлеген күннің өзінде де, сөздік қоры аз немесе тіл заңдылығын бұзып калькаланған тілді қолданады. Айта берсе, ұзын-сонар, оған жарнамадағы қателерді қосыңыз. Ол қателердің қаупі сонда, бірте-бірте көз бен құлақ үйреніп, әдеби нормаға айналып кетуі де ғажап емес. Ал бұл – шұрайлы тілімізге тағы бір қауіп.

Тілге қатысты проблемалар айтудай-ақ айтылуда. Сын айтылған жерде, тек сынап қана қоймай шешімді де бірге ұсынған жөн.

Тілдің ұлттық брендке айнауы үшін біз не ұсынар едік.

Ең бастысы әрине «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»  деген қағиданы басшылыққа алу. Тек қазақ емес, өзге қазақстандықтардан да соны талап ету. Бір ғана мысал келтірейік, Қазақстанда туып-өскен 22 жасар орыс қызы университет бітіргенше қазақ тілін еш үйренбеді делік. Көршісі қазақ, мектеп пен университетте қазақ тілі пәнін оқыды, бәрі нәтижесіз. Дипломын алып Түркияға жұмысқа орналасса, ары кетсе жарты жылда түрікше сайрап шығады. Бұл жерде өз қаракөздеріміздің осалдығы, себебі сол қызбен көршінің қызы орысша сөйлеп кететін оқиғалар аз емес.    

Жалпы қазақ тілі мәселесі көтерілгенде бірінші тілдің өзін жеке алып қарастыру маңызды. Белгілі бір тілге сұраныс арттыру үшін оған мұқтаждық тудыру керек. Сананы тұрмыс билейтінін ескере отырып, бірінші тұрмыстық жағдайға әсер ететін факторларды қолға алу керек. Мысалы еліміздің  студентке патриоттық сезім, ұлт болып қалыптасу, ұлттық идентификацияны сақтау сияқты мәселеге қарағанда “ертең отбасымды қалай асыраймын?” деген сұрақ  көп мазалайды. Ал отбасыны асырау, әл-ауқатын жақсырту үшін бірінші “білікті маман” болу керек. Ал кәсіби маман болу үшін қазақ тілі жеткіліксіз. Өйткені тек қазақ тілді материалдар аз немесе жоқ. Жоғары да айтқан студентіміз іштей мәжбүрлі түрде мойындап,  орыс немесе басқа тілді меңгеруі қажет.

Қазір жаңа технология заманы болғандықтан, осы салаға қатысты техникалық оқулықтар қазақ тілінде сөйлеу керек. Қарайпайым алғашқы web программалау тілі болған PHP тілінде дұрыс қазақ тілді материал табу қиын. Ал бұл тілдің шыққанына шамамен 20 жылдан асып кетті. Біз осы 20 жылдың орнын толтыруға тырысуымыз керек. Ол үшін тек техникалық кітап және оқулықты осы саланың мамандарымен бірлесе отырып, қазақ тіліне аудару, қазақ тілді техникалық атмосфера қалыптастыру.
Елімізде осы уақытқа тейін үздіксіз шығатын техникалық газет, журналдар болмады. Осыны қолға алу керек.

Мысал: АҚШ-та 1978 жылдан бері тек техникалық оқулық шығаратын O'Reilly баспаханасы. Қазіргі таңда IT саласында жұмыс істейтін программист, технократтардың 100%-ы осы осы баспахананың кітабын оқыған. Индус, қытай, орыс, араб, түрік барлығы, барлығы. Көрші еліміз Ресейдің өзінде осы баспахананың кітаптарын аударатын техникалық баспаханалар бар. Өкінішке соңғы уақыттары жаңа шыққан оқулықтар орыс тілінде аударылмағандықтан тек орыс тілін білетін it-мамандар ағылшын тілін үйренуге мәжбүр.

Дәл осы үрдіс медицина саласына да қолдануға болады.
Қазақ тілі тек тарих, әдебиет, көркем сөйлеу тілі емес, техника тілі болуы керек. Соңғы сәтсіз аударылған оқулықтардың қателіктерін ескере отырып, қалька сияқты миды сындыратын, оқырманды не оқып, не қойғанын білмей қалатын сауатсыз аудармаларға жол бермеу керек.

Кәзіргі кезеңде елде бірнеше буын қатар өмір сүруде. Алдыңғы буын кеңес үкіметінде оқып-қалыптасқан буын. Олар үшін орыс тілі аға ұлт тілі. Одан кейінгілер тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде идеология әлсіз, өтпелі кезеңнің толқыны. Бұл буынның тілді меңгеруі үшін жоғарыда айтқандай, мемлекет тарапынан тілге қажеттілік, тіпті мәжбүрлік тудыру арқылы қазақшаны жаппай үйренуге жол ашуға болады. Біздіңше, ендігі ұрпақтың тіліне мән беру арқылы аталған мәселені әдеуір шешуге болады. Түптеп келгенде, жаңа ұлтжанды буын қалыптастыру керек. Бұл процес алдымен отбасынан, қала берді балабақшадан басталады.

Кешенді түрде осы бағытта жұмыстар жүргізіліп, ол бастауыш сыныптарда жалғасын тауып жатса, іс нәтижелі болары сөзсіз. Бұл жерде ұлттық танымға негізделген әлемдегі үздік білім беру жүйесін негізге алуға болады, мысалы Жапониядағы білім беру феноменін зерделеу артық етпес.

Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру бағдарламасын ұлттық танымға негіздеу, тіл дамыту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу; осы бағытта тәрбиешілердің білімін жетілдіру, арнайы ғылыми жобалар конкурсын өткізу; қазақ мектептері мен сыныптарының санын арттыру т.б.

Баса назар аударатын тұс – мектеп жасына дейінгі балалардың «тәрбиешісіне» айналған интернет материалдарын қазақшалау. Аса бай фольклорлық мұрамызды баланың жас ерекшелігіне лайықтап, тартымды дүниелер әзірлеу ең өзекті кезек күттірмес мәселе. Шетелдің кейіпкерлерін идеал тұтып жүрген балаға фольклорлық қаһармандарымызды мультфильм арқылы үйретсек, ертегілерді қызыға оқитындай етіп кітаптар шығарсақ, жұмбақ жасырып ойын жүйрік етсек, жаңылтпаш жаттатып тілі мен ойын жаттықтырсақ тіл мәселесі өздігінен шешім табар еді. Бұл жұмыстар мүлдем жасалмайды деуден аулақпыз. Әрине бұның барлығы жоспарда да, есепте де бар. Алайда тақылдап жаңылтпаш айтып тұрған, халық ертегілерінің кейіпкерлерін атап бере алатын бүлдіршінді кездестірмейміз. Бұл жұмыстың тиісті деңдейде жасалмай жатқанын дәлелдейді.     

Бір реттік байқаулар мен іс шаралар өткізу арқылы қазақ тілі қарыштап дами қоймасы анық. Стратегиялық жоспарға сай, мемлекеттік деңгейде жүйелі жұмыс жүргізу арқылы ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады. мақсат тек қазақ ұлтын ғана қазақша сөйлету емес, қазақ тілін барлық қазақстандықтарға ортақ тіл ету.   

  «Қазақ елі» журналы осы ұлы мақсатқа қызмет етіп отыр. Қазақ ұлтының бірігейлігін сақтау үшін KATEAD түрлі шаралар ұйымдастырып, әрі қоғам жанынан шығатын журналды екі тілде (қазақ-түрік) өз қаржысына көп жылдан бері шығарып келеді. Өкінішке қарай, Түркиядағы, Европадағы бауырларымыз ассимиляцияға ұшырып бара жатқан жайы бар. Оларда тілмен бірге ұлттық құндылықтар да ұмытылып барады. Осы орайда біздің қоғам мен журналдың мәні ерекше.   

 

 
 

 

KATEAD

Tarih : 14 Ağustos 2022

Haberlerimiz

Kazakeli Dergimizin 27. sayısı çıktı. Tıklayın

Kazak Dünyasındaki Gelişmeleri Takip edin

Derneğimiz ile ilgili haberleri ve gelişmeleri Facebook'tan takip edebilirsiniz

Kazakistan Dışişleri Bakanlığı Resmi Web Sitesi

Kazakistan Dışişleri Bakanlıgının resmi sitesini buraya tıklayarak ziyaret edebilirsiniz.